Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі

Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі

Мемлекеттік қызмет-көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметтер адам өмірінің барлық салаларын және бүкіл кезеңін қамтиды. Туған сәттен бастап  адам өмір бойы мемлекет пен мемлекеттік қызметтерді алу арқылы өзара әрекеттеседі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру — бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды аспектісі. Соңғы бірнеше жылда мемлекеттік қызмет көрсету саласында үлкен өзгерістер болды, арнайы ережелер мен стандарттар әзірленіп, бекітілді.
Жақсықылыш кенті әкімі аппаратының жұмысының ажырамас және басты бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
«Жақсықылыш кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Е-лицензиялау арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қатарына:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
  • «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»;
     4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
Кент бойынша ең көп талап етілетін қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жеру часкелеріне қосымша жер учаскелерін алу» болып табылады.
Арнайы Қазақстан Республикасында «Электрондық үкімет» порталы енгізілді «е.gov.kz» (бұдан әрі-портал), ол азаматтар мен бизнеске мемлекеттік және муниципалдық қызметтердің қалыптасқан жиынтығын ұсынады. Халықтың мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін арттыру мақсатында әкім аппаратында «e.gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Оның көмегімен сіз қызметті электронды түрде ғана емес, сонымен қатар қызметтің өзі, алынған орны, құны, қызмет көрсету мерзімі және құжаттардың үлгілері туралы барлық қажетті ақпаратты ала аласыз.
Халыққа анықтама беру («Соттылығының болуы/болмауы туралы»), психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық диспансерлерден; жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы, жылжымайтын мүлкінің болмауы/болуы туралы, өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтама; мұрағаттық анықтамалар)
Тұрғылықты жері бойынша тіркелу;
Тұрғын үйді алуға кезекке қою;
Баланы балабақшаға кезекке қою;
Жер учаскесін алуға кезекке тұру.
Өтініштер бойынша:
Некеге тұруға өтініш беру;
Баланың туу туралы куәлігін алуға өтініш беру;
Бала тууға байланысты берілетін бір реттік  төлемге өтініш беру;
Бір жасқа дейінгі балаға төленетін жәрдемақыға өтініш беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру және қолжетімділік мақсатында мемлекеттік мекеме ғимаратында көрнекі ақпараты бар стенд орналастырылған (стандарттар, көрсетілетін қызметтер тізімі). Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат кент әкімі аппаратының facebook парақшасында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтерді алу туралы барлық қызықтырған сұрақтарға жауаптарды мына телефондар арқылы ала аласыз: 8(72433) 28946 «Жақсықылыш кенті әкімінің аппараты» КММ, Жақсықылыш кенті, Д.Менделеев көшесі, 1 А.
«Жақсықылыш кенті әкімінің аппараты» КММ
28 наурыз 2024 ж. 256 0