Біздің міндет – халыққа қызмет!

Сапақ ауылдық округі әкімшілігі ғимаратында «Электронды өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы төмендегіше әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлерін ала аласыз;
1. Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу, 2. Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша бір жас және бір жолғы бала жәрдемақысын (Халық банктен есеп шотыңыз болуы керек) тағайындау, 3. Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) балабақша кезегіне қою, 4. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша (1-14 жасқа дейінгі аралықтағы балалардан басқа) мекенжайға тіркеу және шығару, 5. Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу, 6. Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру, 7. Наркологиялық ұйымнан анықтама беру, 8. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру тағы басқа көптеген әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлерін ала аласыз.