Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Электронды Цифрлық Қолтаңбаны» қашықтықтан алу мүмкіндігі бар

«Электронды Цифрлық Қолтаңбаны» қашықтықтан алу мүмкіндігі бар

Қазір дамыған заманда (ХҚКО-ға) «Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына» бармай-ақ онлайн, e-GOV порталы арқылы (ЭЦҚ-ны) «Электронды Цифрлық Қолтаңбаны» қашықтықтан алу мүмкіндігі бар.
Карантин жағдайында мемлекеттік қызметті электрондық үкіметтің веб-порталына: egov.kz бойынша алуға болады. Егер сіз бұрын (ЭЦҚ) «Электронды Цифрлық Қолтаңбаны» алған болсаңыз, оның қолданылу мерзімі аяқталмаған болса, сіз осы (ЭЦҚ-ны) «Электронды Цифрлық Қолтаңбаны» қолдана аласыз. Егер сізде ЭЦҚ болмаса, оны (ХҚКО-ға) «Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына» бармай-ақ онлайн режимінде алуға болады. Ол үшін egov.kz веб-порталына өтіп, «Қызметтер» мәзіріндегі сілтемені басу керек.
Ол үшін сізде:
*Өзімен бірге қолданыстағы жеке куәлігі болуы тиіс (ҚР берілген суретімен жеке куәлік құжаты);
*Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефоны болуы тиіс.;
*Сіздің дербес компьютеріңізде веп-камера болуы тиіс;
*(ЭЦҚ) «Электронды Цифрлық Қолтаңбаны» одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.

Замзакира ӨТЕЕВА,
бөлім маманы

23 тамыз 2022 ж. 222 0