Денсаулығымызды өзіміз бақылай аламыз

Иә, тапсырма қай уақытта да орындалуымен құнды. Бүгінде елемізде осы бағытта көптеген жұмыстар жасалып, уақыт талабына сай цифрландыру іс жүзінде жүзеге асып келеді. Соның бір көрінісі – «Даму-мед» мобильді қосымшасы.
Алайда бұл қосымшаның қолданысқа енгенімен халық толықтай пайдаланып, меңгеріп кетті деу артықтау болар. Шындығын айту қажет, осынау тиімділікті қамтамасыз етіп отырған қосымшаны түсіне бермейтіндер бар. Бірақ біз оның қолжетімділікті арттырып отырғанын ескере отырып, қосымшаның көптеген қиындықты, сауалды шешуге қолайлы екенін айтып, ақпараттандырудан жалықпаймыз. Олай болса, «Даму-Мед» мобильді қосымшасының беретін мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы тағы бір мәрте айтып кетейік.
«ДАМУ» ақпараттық технологиялық орталығы дайындаған электронды жоба. Бүгінде кешенді медициналық ақпараттық жүйенің бір бөлігі саналатын қосымшаға тіркелу үшін ұялы телефон нөмірі мен жеке куәліктің ЖСН нөмірін теру жеткілікті. Ал, оған кіре алмаған жағдайда телефон нөмірін қосуға өтінім береді. Ол үшін ЖСН нөмірі бар жеке куәліктің фотосуретін түсіріп жіберу керек. Себебі, құжаттың суреті жеке тұлғаны растау үшін және медициналық ақпаратты басқа адамдардан қорғау мақсатында талап етіледі. Өтінішті медициналық ұйым қызметкерлері қабылдап, ұялы телефонға SMS хат арқылы код жолдайды. Яғни, әр тұрғын өз облысын таңдап, «кіру» тетігі арқылы ұялы телефон номері мен ЖСН-ді тіркеп, смс-пен келетін құпия кодты күту керек. Келген кодты тіркегеннен кейін «рұқсат ету» батырмасын басу керек. Яғни, ЖСН-ді енгізгеннен кейін тұрғынның қай емханаға бекітілгені және емдеу дәрігерінің аты-жөні автоматты түрде шығады.
Ал тіркелгеннен кейінгі мүмкіндіктер қандай? Сол жайлы айтып кетер болсақ, адам өзіне ыңғайлы күнді таңдап, дәрігер қаралуына жазылу, емделуші дәрі-дәрмектердің рецебін алуға, зертханалық тексеру нәтижелерін көруге, ал бала науқастанған жағдайда дәрігердің қабылдауына жазылуға, еңбекке жарамсыздық парағын, білім беру мекемелері үшін анықтаманы емханаға бармай-ақ, осы қосымша арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, «Дабыл түймесі» модулі арқылы 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары, жүкті әйелдер мен диспансерлік есепте тұратын науқастар бір түймені баса отырып, жедел жәрдемді шұғыл түрде үйіне шақыра алады.
Сол себепті біз, яғни денсаулық сақтау саласының мамандары әлі де болса аталған ұялы қосымшаны енгізуге кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуіміз керек. Ондағы мақсат өздеріңіз оқып, біліп, көріп отырғандай дәрігердің және ауруханаға келген емделушінің уақытын тиімді пайдалануды таптырмас жолы.
Айта кететіні, 18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының ұялы номері арқылы тіркеледі. Ал, 18 жастан асқан тұрғынның жеке ұялы телефон номерімен қосымшаға тіркеледі.
Аталған қосымшаның тағы бір артықшылығына тоқтала кеткен жөн болар. «Даму-Мед» мобильді қосымшасының тағы бір артықшылығы қалалық, облыстық дәрігерлердің қабылдау кестесін көруге болады. Сондай-ақ «Даму-Мед» мобильді қосымшасына бір рет тіркелген тұлға жыл сайынғы флюорографиялық тексеріс, скринингтік тексерулерді қай уақытта өтетіндігі жөнінде еске салу хабарламалары келіп отырады. Аталған жүйедегі мәліметтер халыққа түсінікті тілде жеткізілген. Оның ішінде жүкті әйелдерге барлық жағдай қарастырылған, оларға түрлі кеңестер бар. Мәселен, «Апта сайын бала қалай дамиды? Жүкті келіншек қандай тағамдарды тұтыну керек?» деген сауалдарға жауаптар берілген. Сондай-ақ, перзентханаға қандай заттар алып бару қажеттігіне дейін көрсетілген. Әсіресе, бұл – жас аналар үшін қолайлы мүмкіндік.
Міне, біз осындай кең ауқымдағы мүмкіндікті көре отырып, салғырттық танытпауымыз керек деп есептеймін. Бүгінгі қоғам техника мен технологияның, ғаламтордың көшілгері қадам басқан уақытында интернеттің игілігін жақсы жағынан пайлануға әр адам құқылы әрі мүдделі. Өзіміздің, баламыздың, жақындарымыздың денсаулығы өз қолымызда екенін ұмытпайық.

Айман Серікбаева,
Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасына қарасты

А.Байтұрсынов ауылдық емханасының күндізгі бөлім мейіргері