Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық ең бастысы, адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні белгілі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетте білім арқылы тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процестерінің де орны бөлек болып табылады.
Соған орай, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде және бөлімге қарасты кәсіпорындардарда іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша құқықтық оқытулар, семинарлар және басқа да шаралар өткізіліп тұрады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бөлімнің және бөлімге қарасты мекемелердің басшыларымен ұдайы жиын ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Бөлім тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған.
Сондықтан да, әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, еліміздің дамуы мұнан да биік дәрежеге көтерілетіні белгілі. Кез-келген адам өз отбасында, әріптестерінің арасында осы бір қағидаларды ұстанса, бұл індет түбімен жойылатыны анық.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту, экономикалық даму, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуі көзделген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Б.МАХАТОВ,
Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
20 мамыр 2024 ж. 144 0