Cтуденттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Іс-шарада сыбайлас жемқорлықтың түрлі аспектілеріне қатысты кең ауқымды міндеттер қойылды. Команда қатысушылары бейнероликтерді таныстырды, онда жария етілген проблемалар көрініс тапты, сыбайлас жемқорлыққа қатысты ой-пікірлер мен көзқарастар білдірілді.
Сайысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Превенция басқармасының басшысы М.Сейтжаппар, аталған университеттің комплаенс-офицері Ә.Жаппасбаев және заң ғылымдарының докторы Е.Алтаев қазылық етті.
Аталған іс-шара оқу орындарының қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, құқықтық білімді де дәріптейді.
Ойын соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды дипломмен марапаттап, әр сайыскерге алғыс хат табыстады.