Қызылорда облысының беделді жоғары оқу орны жергілікті департаментке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмысына алғыс білдірді

- «Заң. Әділдік. Теңдік-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияның негізгі бағыты сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы қауіптілігі мен оның алдын – алу шаралары ретіндегі баяндамалар мен пікір алмасулар болды. Конференцияға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Амангелдіұлы Ашиков қатысып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетіктері» тақырыбында баяндама жасап, конференцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының 30-жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаңа Әділетті Қазақстан құру жағдайында құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы жыл сайынғы дәстүрлі құқық апталығының қорытынды салтанатты кешіне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы қонақ ретінде қатысып, университеттің студенттерге теориялық білім беру мен тәжірибеде ынтымақтастық орнатып, іс-шаралар атқарудағы қызметтері үшін «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті» университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ТОП-551-600 "QS Asia University Rankings-2023" рейтингісінің нәтижесі бойынша Азияның үздік жоғары оқу орындарының қатарына енсе, "Аккредиттеу және рейтінгтің тәуелсіз агенттігінің" 2022 жылғы ҚР Жоғары оқу орындарының ұлттық сұраныс рейтингісі бойынша 8-ші орынды иемденген.