Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ортақ парызымыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ортақ парызымыз

Бүгін Қызылорда облыстық Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ортақ парызымыз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасатты қоғам қалыптастыру.
Аталған шараға «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы Нәлібаев Мақсұт Ыбрайханұлы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Баймаханов Ануар Аймырзаұлы, Қызылорда облыстық Әділет департаментінің ұжымы қатысты.
Кездесу барысында Мақсұт Ыбрайханұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-қимыл жасау үшін ашықтықты қамтамасыз ете отырып, әрбір қызметкер қызметтін заң шеңберінде адал атқаруды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде жемқорлықтың салдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар Ануар Аймырзаұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтті.
Сөз соңында Әділет департаментінің басшысы департамент тарапынан ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар жөнінде хабарлама жасап, қатысушылар тарапынан дөңгелек үстелдің тақырыбынан сәйкес ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.

Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл
агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті


01 сәуір 2021 ж. 643 0