Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас мамандары Болат Айнұр мен Тұраров Рашид семинарға қатысушыларға комплаенс қызметінің рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларына енгізілген новеллалар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған сыртқы талдау және ішкі талдаудың маңыздылығы, ерекшелігін түсіндіріп, сұрақтар бойынша әдістемелік кеңес берді.
Сонымен қатар, кездесу барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылады.