Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» оқыту семинары өтті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» оқыту семинары өтті

2021 жылы 23 ақпан күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруыменен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» оқыту семинары өтті.
Аталған семинарға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы Айбек Мейрамханұлы Қабылдин, департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Әлімқұлова Ғалия Ұбайдуллақызы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айтимов Мұрат Жолдасбекұлы және заң ғылымдарының кандидаты, Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшесі Мадалиева Ақзада Алайдарқызы, «Қорқыт Ата» және «Болашақ» университеттері мен колледждердің басшылары қатысты.
Шара барысында Мейрамханұлы Қабылдин- 2020 жылдың 6 қазанында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыруға және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында, ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты және комплаенс-қызметтін енгізу бойынша арнайы әзірленген көрнекі құралдарды пайдалана отырып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу соңында Ғалия Ұбайдуллақызы– «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесе отырып кез келген уақытта ISO 37001 стандартын және комплаенс-қызметтін енгізу бойынша туындаған сауалдар бойынша заң аясында сүйемілдеу жұмыстарын жүргізетін боламыз» – деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

24 ақпан 2021 ж. 618 0