Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің алты облысында аптап ыстық болады

Еліміздің алты облысында аптап ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктері еліміздің алты облысында қатты ыстық күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мамандардың мәліметінше, елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның қалған бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктері сақталады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, жел күшейеді.

«Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау облысында, Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады», делінген хабарламада.


Сурет: ашық дереккөз 
19 маусым 2024 ж. 92 0