Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәрсенбі, 15 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбі, 15 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Осыған байланысты 15 шілде күні жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, тек батыс пен шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста бұршақ күтіледі. Кей жерде екпінді жел соғады, оңтүстікте және батыста шаңды дауыл тұрады
Қызылорда облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с артады, дауыл, бұршақ болжанады.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерінде шаңды дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-23 м/с артады.
Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында 18 м/с екпінде жел күтіледі.
Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты ыстық болады.
Сондай-ақ Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
baq.kz
15 шілде 2020 ж. 339 0