Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар алдағы 10 күнде құрғақшылық болатын 5 өңірді атады

Мамандар алдағы 10 күнде құрғақшылық болатын 5 өңірді атады

«Қазгидромет» РМК мамандары қауіпті агрометеорологиялық құбылыс туралы дауылды ескерту жайында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақтар: Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы және Ұлытау облыстары.

Жамбыл облысының Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында, Түркістан облысының Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай аудандарында, Қызылорда облысында Арал ауданында, Алматы облысының Балқаш, Жамбыл аудандарында, Ұлытау облысында Ұлытау ауданында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылықтың басталады, – делінген хабарламада

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: baq.kz
20 маусым 2024 ж. 178 0