Маусым айында Қызылорда облысының қай аудандарында құрғақшылық болады?
Қазгидромет мамандары маусым айында құрғақшылық болжанған Қазақстан аймақтарының тізімін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамандардың болжамынша маусым айының алдын ала құрғақшылық болжамын нақтылағаннан кейін құрғақшылық күтілетін аймақтардың ауданы әлі де ұлғаюы мүмкін.
Атмосфералық құрғақшылық мына аймақтарда болады:
Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
Батыс Қазақстан облысының Казталов, Жәнібек, Тасқала және Ақжайық аудандарында;
Ақтөбе облысының Қарғалы және Мұғалжар аудандарында;
Қарағанды облысының Шет ауданында;
Ұлытау облысының Ұлытау ауданында;
Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында,
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында;
Қызылорда облысының Қармақшы және Қазалы аудандарында.
Ал осы айда бірқалыпты ылғалды жағдай Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Күршім аудандарында, Абай облысының Бесқарағай ауданында, Алматы облысының Талғар ауданында, Қарағанды облысының Бұқар-Жырау, Осакаров аудандарында және Қарағанды қаласында, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарының басым бөлігінде болмақ.
Елдің қалған бөлігінде ылғалдандыру жағдайы нормаға жуық болады деп болжануда.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz