Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?

Мамырда Қазақстанның қай аймақтарында құрғақшылық күтіледі?

Синоптиктер мамырда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық күтілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сәуірде жауған жауын-шашынды және ауа райы болжамын ескере отырып, Қазақстан аумағында құрғақшылық қаупі бар аумақтардың ауданы ұлғаятыны айтылды.

Мына өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін:

Қызылорда облысының Қармақшы және Шиелі аудандарында;
Қостанай облысының Амангелді ауданында;
Қарағанды облысының Шет ауданында.
Бірқалыпты ылғалды жағдай болжанады:

Қостанай облысының Қарасу ауданында;
Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Сандықтау аудандарында;
Павлодар облысының Ақтоғай, Успенка аудандарында және Павлодар қаласының маңайында;
Батыс Қазақстан облысында Бурлин, Шыңғырлау, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
Елдің қалған аймағында мамыр айында ылғалдану көпжылдық мәндерге жуық деп есептелген.

Фото: kaz.tengrinews.kz
04 мамыр 2024 ж. 212 0