Еліміздің бес облысында құрғақшылық күтіледі
«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша, маусым айында Қазақстан аумағының басым бөлігі ылғалдылық нормасына жақын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар солтүстік-батыс аудандарында, елдің оңтүстігінде, солтүстікте және орталықта құрғақшылық күтіледі.
Атап айтқанда, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында құрғақшылық болады.