Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластық – қоғам дерті

Сыбайластық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары елімізде жан-жақты жүргізіліп жатыр. Дегенмен жең ұшынан жалғасқан әрекеттер әлі де болса көрініс табатыны жасырын емес. Сондықтан жалпы сыбайлас жемқорлық дегеніміз не деген сауалға жауап беріп өтсек.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар өздерінің қызметтік өкілеттіктері мен байланысты мүмкіндіктерін пайдалану. Сонымен қатар мүліктік пайда алу үшін өз қызметін жеке немесе делдалдар арқылы пара алу. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, одан басқа да заңдарда сыбайлас жемқорлыққа қатысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын, заңда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратын әрекет.
Пара ретінде ақша, банктік чектер және бағалы қағаздар, қымбат металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомобильдер, тамақ, бейне техникасы, тұрмыстық техника және басқа да тауарлар, пәтерлер, коттедждер, саяжайлар, гараждар, жер және басқа да жылжымайтын мүліктер жатады.
Бұл сыбайластықтың көрінісі. Ал осындай әрекеттер тіркелген жағдайда жазадан пара алушы да, пара беруші де құр қалмайтынын есте сақтаған дұрыс. Сондықтан қоғам дертіне баланған, халық пен билік арасындағы сенімді сетінететін бұл қауіпті жеңуде барлығымыздың жауапкершілігіміз өте жоғары. "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" дейді қазақ. Осы сөздің астарына үңіле отырып, өзімізге қажетті қызметті алу барысында біз де әділдікті жақтасақ, билеріміздің тура би боларына сенім мол.
С.ҒАБИБОЛАТОВ,
Құланды ауылдық округінің әкімі
20 маусым 2024 ж. 195 0