Жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті

Пара ретінде ақша, банктік чектер және бағалы қағаздар, қымбат металдар мен тастардан жасалған бұйымдар, автомобильдер, тамақ, бейне техникасы, тұрмыстық техника және басқа да тауарлар, пәтерлер, коттедждер, саяжайлар, гараждар, жер және басқа да жылжымайтын мүліктер жатады.
Бұл – сыбайластықтың көрінісі. Ал осындай әрекеттер тіркелген жағдайда жазадан пара алушы да, пара беруші де құр қалмайтынын есте сақтаған дұрыс. Сондықтан қоғам дертіне баланған, халық пен билік арасындағы сенімді сетінететін бұл қауіпті жеңуде барлығымыздың жауапкершілігіміз өте жоғары. "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" дейді қазақ. Осы сөздің астарына үңіле отырып, өзімізге қажетті қызметті алу барысында біз де әділдікті жақтасақ, билеріміздің тура би боларына сенім мол.
К. ҚАПАҚОВА,Арал аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы-бас қазынашысы