Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек демалысына жазда шыққан дұрыс па?

Еңбек демалысына жазда шыққан дұрыс па?

Білім беру жүйесіне сәйкес еңбек жылы жаз басталғанда аяқталады деп қабылдаймыз. Жазда оқушылар, студенттер демалысқа шығады. Сондықтан біздің санамызда жаз мезгілі демалыспен байланыстырылады. Сол үшін де кей адамдар жазда еңбек демалысына шықпаса, өзін мүлдем демалмағандай сезінеді. Денсаулық үшін жазда демалу маңызды ма? Бұл сұраққа психотерапевт Сергей Кузнецов "Известия"-ға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Демалыс - адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі. Аурудың көп бөлігі иммунитеттің әлсіреуінен, шаршау мен күйзеліс салдарынан басталады. Бірақ дәл жазда демалу міндетті емес. Демалу процесінің өзі маңызды", - дейді маман.
Егер салқындау ауа райы және қарлы курорттар ұнаса, жазда еңбек демалысына шығудың қажеттілігі жоқ. Жазғы күн сәулесі мен ыстық аса пайдалы емес, кейде ағзаға зиян болуы мүмкін. Жылдың кез келген мерзімінде демалуға болады. Жазғы еңбек демалысын армандасаңыз, бірақ ол қолжетімсіз болса, неліктен сізге жазғы демалыс "нағыз демалыс" болып көрінетінін анықтау қажет және оның орнын толтыру керек.

"Еңбек демалысы кезіндегі эмоциялық жағдай маңызды. Ұзақ емес еңбек демалысының өзі физикалық та, психологиялық та жағдайға жағымды әсер етеді. Демалыс кезінде жұмысқа араласпаған жөн", - дейді Кузнецов.

Сурет: ашық дереккөз 
09 шілде 2024 ж. 114 0