Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зодиак белгілері: Биыл жазда сізге не істеу керек?

Зодиак белгілері: Биыл жазда сізге не істеу керек?

Жазды жарқын өткізіңіз! Бұл үшін саяхатқа кетіп, үйден алыстау міндетті емес. Тек астрологиялық кеңесімізге құлақ түрсеңіз жеткілікті



Тоқты

Биыл жазда медитациямен айналысып, ішкі әлеміңізді гүлдендіріңіз. Демалыс күндерін табиғат аясында өткізіңіз. Йогамен шұғылдану да артық болмайды.

Торпақ

Сіздің міндетіңіз барынша табиғатқа жақын болу. Жазғы кештерді таза ауада өткізу сіз үшін аса тиімді болмақ.

Егіздер

Алыс саяхатқа шығындалмай-ақ өз үйіңізде тыныш демалыс ұйымдастырыңыз. Қалаңыздың қызықты жерлерін аралаңыз.

Шаян

Өзіңізге шығармашылық студия жасап алыңыз. Қолөнермен шұғылданыңыз. Қолыңыздан келетін істің бәрін көріңіз.

Арыстан

Мәдени демалысқа ден қойыңыз. Театрларға барыңыз.

Бикеш

Кітап оқыңыз. Кешкі салқында кітап оқу аса пайдалы.

Таразы

Жақындарыңызды жинап, аулаңызда демалыс ұйымдастырыңыз.

Сарышаян

Жақын достарыңызбен саяхатқа шығыңыз. Алыс саяхат болмаса да, табиғат аясына, өзен жағасына барыңыздар.

Мерген

Басқа елге барып келіңіз.

Тауешкі

Отбасыңызға көп уақыт бөліңіз. Бірге көңіл көтеріп, бірге демалыңыздар.

Суқұйғыш

Бұл уақытта пайдалы істермен шұғылданыңыз. Мысал үшін волонтер болып, мұқтаж жандарға көмектесіңіз. Немесе қайырымдылық ұйымын құрыңыз.

Балықтар

Соңғы айлар балықтар үшін ауыр болған. Сондықтан өзіңізге уақыт бөліп, өзіңізді бақытты ететін дүниелерге ден қойыңыз. Өлең мен ән жазыңыз, шығармашылықпен шұғылданыңыз. Жасырын таланттарыңызды табуға мүмкіндік бар.
reactor.inform.kz​​​
16 маусым 2018 ж. 1 708 0