Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

«2024 жылғы 9 шілдеде Ақтөбе, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz 
Сурет: ашық дереккөз 
09 шілде 2024 ж. 79 0