Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Бүгін 6 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Бүгін Қазақстанның 6қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2023 жылғы 17 қыркүйекте Қарағанды, Теміртау, Атырау, Астана, Алматы және түнде Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

17 қыркүйек 2023 ж. 152 0