Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 мамырда ауа сапасы қандай болады?

17 мамырда ауа сапасы қандай болады?

Бүгін республиканың екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қаыптасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы мен Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

2023 жылғы 17 мамырда Қазақстан бойынша Алматы, түнде Атырау қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
17 мамыр 2023 ж. 305 0