Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 қарашада Астана, Атырау, Қарағанды қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

baq.kz
23 қараша 2022 ж. 282 0