12 шілдеде Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болады
Бейсенбі, 12 шілде күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен қалаларында жайлы метеожағдай қалыптасады. Атмосфералық ауаның ластануы тек Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
inform.kz










