Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасының қандай болатынын хабарлады.

8 маусымда Атырау, Алматы және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

baq.kz
08 маусым 2022 ж. 567 0