Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Сенбі, 21 наурыз күні 3 қалада жағымсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп болжайды синоптиктер.

 "Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауа сапасы Балқаш, Теміртау және Шымкентте қалаларында нашарлайды. Қалған шаһарларда метеожағдай нормада болады. 
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
https://baq.kz/
21 наурыз 2020 ж. 428 0