ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық түлек Түркияның үздік 10 университетіне шақырту алды

Ерасылға Түркияның 10 үздік университетінен ұсыныс түскен. Қазақстандық түлек желідегі парақшасында шақырту алған университеттердің тізімін жариялады.
Özyeğin University: Жасанды интеллект
OSTİM: Авиация және ғарыштық техника
Final University: Стоматология
Antalya Bilim University: Сәулет
World Peace University: Бағдарламалау
Doğuş University: Ойын дизайны
KOSTU: Бағдарламалау
Beykent University: Актерлық шеберлік
“Бұл табандылық пен мүмкіндік бағадан әлдеқайда маңызды екенін көрсетеді”, – делінген жазбада.
Education Industry қолдауымен Ерасыл Уәлиев Özyeğin университетінде жасанды интеллект және Анталия университетінде дизайн мамандығында оқиды.
Бұған дейін қазақстандық түлектің ҰБТ-дан 1 балл жинап, рекорд жасағаны туралы жазған едік.
Сурет: ашық дереккөз