Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтарды анықтайтын орталық іске қосылды

Алаяқтарды анықтайтын орталық іске қосылды

Жоба құқық қорғау органдарымен және қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп іске асырылған.

Алаяқтық белгісі бар транзакциялар бойынша дерек алмасу орталығы іске қосылды. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады.

Жоба құқық қорғау органдарымен және қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп іске асырылған.

Платформа іске қосылған сәттен бастап қаржы ұйымдары мен құқық қорғау органдары алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық фактіні анықтады және алаяқтық әрекеттермен байланысты 30 миллион теңгеге жуық қаражатты бұғаттады.

Антифрод-орталығы ашық бағдарламалық интерфейстер (API) мен бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы одан әрі дамып, технологиялық функционалдылықты кеңейте түседі. Күдікті транзакцияларды анықтау тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану да жоспарда бар.

Ұлттық Банк, сондай-ақ, ықтимал алаяқтық әрекеттердің алдын алу үшін Антифрод-орталықтың қызметкерлері мен өкілдері ақпарат жинау немесе қандай да бір операция жүргізу мақсатында ешуақытта жеке тұлғаға қоңырау шалмайтынын хабарлайды.

Антифрод-орталық өз қызметі аясында жеке тұлғалармен өзара байланыс орнатпайды, тек қаржы, төлем ұйымдарымен, құқық қорғау органдарымен және ұялы байланыс операторларымен жұмыс істейді. Осыған байланысты азаматтарды қырағы болуға және Антифрод-орталығы атынан деп қоңырау шалуы мүмкін алаяқтардың әрекетін елемеуге шақырамыз.

Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: ашық дереккөз 
06 тамыз 2024 ж. 101 0