Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 13 тамызда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13 тамызда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с болады.
Қарағанды облысындаоңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Астанада күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр, найзағай, дауыл болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 5-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында түнде найзағай ойнап, батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Алматы облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі бар.


Сурет: ашық дереккөз 
13 тамыз 2024 ж. 109 0