15 тамызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер алдағы бейсенбіде, 2024 жылдың 15 тамызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, республика бойынша тән ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі және дауыл тұрады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады... Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады, - деп жазды "Қазгидромет" РМК.
Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу өңірлерінің шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік, шығыс, орталық бөліктерінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 15, 16 және 17 тамызға арналған ауа райы болжамымен бөлісті.
Сурет: ашық дереккөз