Париж олимпиадасының жүлдегерлері коронавирус жұқтырып келген

Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріп Париж олимпиадасының жүлдегерлері елге коронавирус жұқтырып келгенін мәлімдеді.
“Құрамадағы үш жүлдегер мен екі бапкерден COVID-19 анықталды. Олардың ПТР-тестілері оң нәтиже берген. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырғандар оқшауланып, ем қабылдап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Тезірек сауығып кетуін тілейміз. Команданың өзге өкілдерінен вирус анықталған жоқ», – деді Диас Ахметшәріп.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі олимпиада ойындарында жеті медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 43-орынға жайғасқан еді.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: opennews.kz