Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Синоптиктердің мәліметінше, 19 тамыз күні солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл тұрады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман түседі.
Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сурет: ашық дереккөз