Қазақстанда тағы бір жол 20 жыл бойы ақылы болады

Ақылы жолдың ұзындығы – 180 шақырым. Автобустар мен жүк көліктері үшін ондағы ақы мөлшерлемесі белгіленді. Бұл жолдың жалпы қызмет ету мерзімі – 20 жыл. Құжат 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына орналастырылды.
Бұған дейін Қазақстанда ақылы жолдардағы тарифтерді тағы 20 пайызға көтеру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Сурет: kaz.nur.kz