Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру бағасы өседі

Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру бағасы өседі

Ашық құқықтық актілер сайтында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті дайындаған бұйрық жобасы пайда болды. Құжатқа сәйкес еліміздің ақылы жолдарында жол жүру ақысы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған.

Автобустар үшін баға орын санына, жүк көліктері үшін - жүк көтергіштігіне байланысты өзгереді.

Өзгерістер 11 ақылы жолда қолданылмақ. Тарифтер айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болса, жол ақысы 20%-ға өсуі мүмкін. Ал елімізде 1 АЕК = 3450 теңгені құрайды.

Мынандай ақылы жолдарда баға өзгерістері орын алады:

"Астана – Щучинск" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3478-ден 1,8087 АЕК-ке дейін.
"Астана – Теміртау" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,2435-тен 1,1652 АЕК-ке дейін.
"Алматы – Қорғас" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1043 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,5217-ден 2,5565 АЕК-ке дейін.
"Алматы – Қонаев" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0348 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,0696-дан 0,3478 АЕК-ке дейін.
"Тараз – Қайнар" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0835 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,4104-тен 2,0661 АЕК-ке дейін.
"Шымкент – Қызылорда" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,153 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,7617-ден 3,8435 АЕК-ке дейін.
"Щучинск – Көкшетау" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0209 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1043-тен 0,5217 АЕК-ке дейін.
"Астана – Павлодар" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1322 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,6470-тен 3,2487 АЕК-ке дейін.
"Шымкент – Тараз" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1496-дан 0,7617 АЕК-ке дейін.
"Қонаев – Талдықорған" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0661 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3270-тен 1,6209 АЕК-ке дейін.
"Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке)" бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1461-ден 0,7304 АЕК-ке дейін.

stan.kz
13 шілде 2023 ж. 138 0