Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылға қарай еліміздегі автокөлік жолдары ақылы болады

2020 жылға қарай еліміздегі автокөлік жолдары ақылы болады

Қазақстанда республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында жүру ақылы болмақ. Мұндай жүйе еліміздегі көлік инфрақұрылымының сапасын жақсарту мақсатында жасалынғалы отыр.

Бүгінде Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау автожолдарына орнатылған терминалдар тестілеу режимінде  жұмыс істеуде.
Келесі жылдың қаңтар айынан бастап Шымкен-Ақтөбе-Мәртүк, Шымкен-Тараз-Қайнар және Астана-Павлодар тас жолдарында төлем жүргізу құрылғысын орнату үшін байқау жарияланады. Нәтижесінде 2020 жылға қарай еліміздегі автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 6,5 шақырымды құрайтын 17 аумағында жүру ақылы болады.
Stan.kz
23 қазан 2018 ж. 1 069 0