Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадан Ташкентке халықаралық бағытта автобус қатынайтын болды

Қызылордадан Ташкентке халықаралық бағытта автобус қатынайтын болды

ҚЫЗЫЛОДА. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Қызылорда қаласынан «Қызылорда-Ташкент» бағыты бойынша автобустар жолаушыларды тасымалдайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына сілтеме жасап.
«Бүгінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті аталған бағыттағы маршрутты таяу уақытта ашуды көздеп отыр. Ұйымдастыру мәселелерін шешуге шамасымен 3 ай уақыт қажет, одан кейін жаңа рейс жолаушыларға қызмет көрсете бастайды», - деп мәлімдеді облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысы  Ержан Әбдіхалықов. 
Қазір Қызылордадан еліміздің Астана, Алматы, Шымкент секілді ірі қалаларына автобустар қатынайды. Ал халықаралық бағытта алғаш рет автобус жүргізілетін болды. 
Әділет ҚАҢТАРБАЕВ
Фото: 10minut.info
inform.kz
11 сәуір 2018 ж. 1 544 0