Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екіпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Областың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жөғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда күннің соңында найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
06 қыркүйек 2024 ж. 158 0