Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгереді

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгереді

Мәжілісте өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгеретінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Енді Әлеуметтік кодекске «әлеуметтік аудит» ұғымы енгізіледі. Осыған сай атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың мүмкіндіктері сараланады.

«Адам көмекке мұқтаж ба, жоқ па, оған жұмыс, төлемдер және тағы басқа қолдау шаралары қажет пе, соның бәрін әлеуметтік аудит көрсетеді», деді Светлана Жақыпова.

Министр осы төлемді алушыларға жұмыс қатар ұсынылатынын жеткізді. Азамат ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек те берілмейді.

«Біз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаймыз ғой. Оған қоса, жұмыс та береміз. Ол адам жұмыс істемеймін, «АСП» ғана аламын дейді. Онда, кешіріңіз, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды деп айтамыз. Қазіргі кезде ондай шаралар бар», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Сурет: ашық дереккөзден алынды
15 қазан 2024 ж. 83 0