Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік көмектің құжатын қайда тапсыру керек?

Әлеуметтік көмектің құжатын қайда тапсыру керек?

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
АӘК тағайындауға қатысты өтінішті Халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылдайды. Құжаттарды 2020 жылғы қаңтардың соңына дейін тапсыруға болады.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкес келетін азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап төленеді, АӘК алатын отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама берілетін болады.
23 қаңтар 2020 ж. 776 0