Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада атаулы әлеуметтік көмек төлене бастады

Елордада атаулы әлеуметтік көмек төлене бастады

Астанада атаулы әлеуметтік көмек төлене бастады. Қазіргі таңда 1648 отбасыға қатысты оң шешім қабылданса, 363 отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала бастады. «Қазақстан астанасында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың шоттарына төлемдер осы жылдың 26 сәуірінен 4 мамырына дейін түсіру жоспарланып отыр», - деді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина. 1 сәуірден бастап АӘК тағайындау үшін 9 725 отбасы өтінім берген, оның 2 483-іне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қабылданған, 2 417-і өтініш аудандық округтік комиссияларға жолданды, 1 909 отбасыға қатысты аудандық комиссиялар оң шешім қабылдады. Тұтастай алғанда, жаңа форматтағы АӘК-пен 2 500 отбасын (11 мыңнан астам адам) қамту жоспарлануда. Нұр-Сұлтан қаласындағы АӘК-ті алатын отбасылардың әр баласына (18 жасқа толмаған балаларға) 21 572 теңге сомасында кепілдік төлем немесе күнкөріс минимумының 70% -ы төленеді. Отбасының ересек адамдары үшін AӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы (21 572 теңге) айырмашылық ретінде есептеледі. Осы жылдың 26 сәуірінен бастап 4 мамырына дейін алушылардың шоттарына төлемдер жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Еске салайық, 1 сәуірден бастап, атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртібі жеңілдетілді. Ал атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийінің мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 50-ден 70% -ға дейін артты. АӘК бойынша кеңесті E-халықтың деректер базасында оқыған ХҚКО-ы мамандарынан, сонымен қатар аудандық әкімдіктерде де алуға болады. 2018 жылдан келе жатқан мәліметтерді ескеріле отырып, 481 отбасыға, 2 915 адам АӘК шартты ақшалай жәрдем 1 сәуірге дейін төленді. 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін жоспарланған 363 шартты ақшалай көмек алушыға, 2019 жылдың 1 сәуірден бастап әлеуметтік келісімшарттың аяқталуына дейін шартты ақшалай жәрдемақылар сомасы қайта есептелді. АӘК тағайындау кезінде төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалып,төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға тағайындалып төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, немесе бұған дейін бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға тағайындалып, төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша балаға тағайындалатын жәрдемақы, стипендия, жергілікті бюджеттен төленетін біржолғы төлемдер есепке алынбайды. Әкімдіктің хабарлауынша, 1 сәуірден бастап АӘК алу жеңілдетілген. Ол үшін тек АӘК тағайындау туралы өтініш пен жеке басты куәландыратын құжат керек (әрбір отбасы мүшесінің), ал қалған ақпараттарды Е-халық дерекқорынан алуға болады.  Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты қауырт желі істейді. 111 бірыңғай байланыс орталығының тегін нөміріне қалалық телефон арқылы да, Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы да қоңырау шалуға болады.
https://www.inform.kz
26 сәуір 2019 ж. 1 256 0