Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ӨСІМ БАР

АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ӨСІМ БАР

Экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша Қызылорда облысында оң динамика қалыптасқан. Бұл туралы облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.Басқарма басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.
Өңірде өнеркәсіп кәсіпорындарында 903,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 8 пайызға артық.
-Есепті кезеңде өңір экономикасына 478,3 млрд. теңге инвестиция салынды. 697,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 103,0 пайызды құрады. Оның ішінде, егін, мал шаруашылығының жалпы көлемінде де өсім бар. Жыл басынан бері 29 654 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 973 тұрақты жұмыс орны ашылды, - деді басқарма басшысы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
15 қараша 2024 ж. 53 0