Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жоғары

- Өңдеу өнеркәсібінде - 307,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,5 пайызға артық орындалды. Өсім негізінен шикі тауарлар мен бұйымдарды өңдеу нәтижесінде ұлғайды. Атап айтқанда, резеңке және пластмасса өндеу 17,9 пайызға, бейметалл минералдық өнімдерді өндеу 46,6 пайызға, металлургия өндірісі 68,2 пайызға, көлік жабдықтарын жөндеу және орнату 24,4 пайызға артып отыр. Есепті кезеңде өңір экономикасына 486,5 млрд теңге инвестиция салынды. Сондай-ақ, 183,5 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. Ал 740,7 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі - 224,0 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, егін шаруашылығының жалпы көлемі - 141,7 млрд теңге, мал шаруашылығының жалпы көлемі - 77,7 млрд теңге. Бұдан бөлек, өткен жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі – 4,8 пайызды құрады. 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өңірде 33 559 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 16 184-і тұрақты жұмыс орны,- деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі