Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл өңір экономикасына 51,4 млрд. теңге инвестиция салынды

Биыл өңір экономикасына 51,4 млрд. теңге инвестиция салынды

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында өңір экономикасына 51,4 млрд. теңге инвестиция салынды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,9%-ға ұлғайған.
10,7 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды, 2021 жылдың тиісті кезеңіне НКИ- 127,7%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 14,1 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 101,4% құрады.
Сиыр саны – 10,6 пайызға (205,4 мың бас), қой – 4,7 пайызға (607,2 мың бас), жылқы – 15,3 пайызға (192,8 мың бас), түйе – 4,9 пайызға (56,5 мың бас) өсті.
Тірілей салмақта мал және құс еті 8,7 мың тонна (101,4 пайыз), 18,0 мың тонна – сүт өнімі (102,2 пайыз) өндірілді.2021 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі – 4,9% құрады. 2022 жылдың 1 сәуіріне 7842 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2889 тұрақты.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 210 475 теңгені құрады, яғни 2020 жылдың тиісті кезеңіне 118,4 пайыз.

syrboyi.kz
17 сәуір 2022 ж. 434 0