Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы атанды

Ақтау түркі әлемінің мәдени астанасы атанды

Түрікменстанның Ашхабад қаласында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлері кеңесінің 41-ші отырысы және «Анау – түркі әлемінің мәдени астанасы - 2024» жылының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Жабылу салтанатында Түрікменстанның Анау қаласынан Ақтау қаласы 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін қабылдап алды.
Тарихи қала - Анау 2024 жылдың түркі мәдениетінің астанасы болып, жыл бойы түркі тілдес бауырларды өздерінде қабылдап түрлі мәдени шаралар ұйымдастырған болатын.
Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» мерейлі жылы аясында 2025 жылдың наурыз айынан бастап Ақтау қаласында аталған шараның салтанатты ашылуы және түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түркітілдес мемлекеттер өнерпаздарының қатысуымен театр, опера, би, дәстүрлі өнер және басқа да көптеген байқаулар мен фестивальдер, ақындар айтысы, түркі әлемі суретшілерінің симпозиумы, қолөнер шеберлерінің фестивалі, тарихи-ғылыми конференциялар, ақын-жазушылармен кездесулер, түркі әлемінің ұлы ғұламаларының өмірі мен еңбектеріне арналған жиындар өткізіліп, өзге де мағыналы, тағылымды шаралар ұйымдастырылатын болады. Мерейлі жыл құтты болсын! Ойлаған жоспарларымыз сәтті іске асып, абыройымыз өсе берсін!, - деп жазды Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали.
17 қараша 2024 ж. 57 0