Уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 100 млн теңге бөлінбек

Жуырда жоғары ғылыми- техникалық комиссияның отырысы өтті. Енді жақында конкурс жарияланады. Содан кейін Ұлттық жоғарғы кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайды, - деді ол.
Саясат Нұрбектің сөзінше, Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін сақтап қалу туралы шешім қабылданғанынан қарамастан, зерттеуге жұмсалатын қаражат “ауаға” кетпейді.
Қоғамдық сұраныс болды, сондықтан жауап беруге мәжбүрміз. Денсаулық сақтау министрлігі толық қолдау білдірді. Ал біз грант бөлетін ұйым ретінде бұл жобаны қолдадық, - дейді министр.