Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-2024 өзгере ме? – Қуанышты жаңалық

ҰБТ-2024 өзгере ме? – Қуанышты жаңалық

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты қуанышты жаңалық айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Сіздерге ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатынын қуана хабарлаймын. Тестілеуде сіздер тек екі пән тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және Оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді, - деді министр.

Оның сөзінше, бұл шешім талапкерлердің қалауы мен бейінді ведомстволардың сараптамалық пікірі негізінде қабылданды.

Саясат Нұрбек атап өткендей, былтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткен болатын.

Егер ақылы негізде түсу үшін ҰБТ тапсырудың тағы үш мүмкіндігі (қаңтар, наурыз, тамыз) бар екенін ескеретін болсақ, онда 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады, - деді ол.

Фото: baq.kz
11 қаңтар 2024 ж. 260 0