Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы төмендейді

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы төмендейді

Депутат Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрлігінің шараларының арқасында Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 15-25 пайызға төмендейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутаттың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекке баға белгілеу тетіктеріне өзгерістер енгізе бастады. Бұл шаралар дәрі-дәрмек құнын төмендетуге мүмкіндік береді дейді. 
“Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрі-дәрмектің шекті бағасы 10-12 пайызға төмендейді. Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың шекті бағасын қалыптастыру үшін бірыңғай базалық баға белгілеуді, маркетингтік және көліктік маржаларды алып тастауды көздеп отыр. Сонымен қатар, көтерме сауда үшін үстеме 15-20%, ал бөлшек саудада 20-30% шектеледі”, – дейді министр. Депутаттың сөзінше, енді дәрі-дәрмектің бағасы халықаралық және ұқсас нарықтармен тексеріледі. Бұл бағаның негізділігін қатаң бақылауды қамтамасыз етеді.
“Бөлшек дәріханалар желісінде бағаларды ішкі салыстыру жүйесі енгізіледі. Жеткізушілердің тасымалдау шығындары туралы объективті ақпарат мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен толықтырылады", –деді депутат.
Осы әрекеттердің нәтижесінде азаматтар үшін көтерме және бөлшек сауда бағасы 15-25 пайызға төмендеуі мүмкін. 
25 қараша 2024 ж. 63 0