Министр Қанат Шарлапаев Қызылорда тұрғындарымен кездесті
![](/uploads/posts/2024-11/thumbs/1732963009_1.jpg)
Ведомство басшысы алдымен «Достық үйі» ғимаратында халықпен кездесу өткізді.
Биыл өңірдегі өңдеу өнеркәсібі 23%-ға өсім көрсетті, салада 13 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, биылғы жылдың он айында 700 мыңға жуық ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді, сумен қамту және суды бұрудың 2 млрд теңгеге 5 жобасы, жылумен қамтудың 6 жобасына республикалық бюджеттен 6 млрд теңге қарастырылған. Біздер мұнымен тоқтап қалмай, әкімдікпен бірге облысты дамыту бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз, – деді министр.Министрлік ұсынған мәліметке сүйенсек, жиын барысында азаматтар облыста 2 шағын индустриялық аймақтың құрылысы мен көлік өндірісіне қатысты мәселелерді қозғады. Сондай-ақ, кәріздік тазарту құрылыстарын орнату, халықтың осал санаттарын тұрғын үймен және өңір тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етубойынша сұрақтар қойылды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі сұраққа Қанат Шарлапаев 2023-2024 жылда әлеуметтік осал топтарға арналған 4 мыңға жуық пәтер салынғанын айтып жауап беріп, министрлік келесі жылда тағы қаражат көздерін іздейтін болатынын қосты. Одан бөлек, жаңа өндіріс орындарын іске қосу арқылы өндірісті дамыту тақырыбы қозғалды.