Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік алу үшін жеңілдетілген автонесие берілмейді – министр

Көлік алу үшін жеңілдетілген автонесие берілмейді – министр

Бұған дейін Қазақстанда көлік алу үшін 4 процентпен жеңілдетілген автонесие берілген еді.Көлік алу үшін жеңілдетілген автонесие берілмейді – министр

Бұдан былай көлік алу үшін жеңілдетілген несие берілмейді. Жиналған қаражат қоғамдық көлік алуға жұмсалады. Қоғамда қызу талқыланған мәселеге нүкте қойылды. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, ұстаным өзгермейді. Қоғамдық көлікті жақсарту, көбейту бағытында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Біздің ендігі ұстаным – қоғамдық көліктерге басымдық беру. Себебі, жеке көлік емес, қоғамдық көлікке сұраныс жоғары. Оны пайдаланушылар да көп. Сондықтан біз бірінші орында қала тұрғындарын қоғамдық көліктермен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз», – деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

aikyn.kz
20 қыркүйек 2023 ж. 276 0